Атырауда 21 мас жүргізуші тоқтатылды (+ВИДЕО)

Атырауда апта ішінде мас және жүргізу құқығынан айырылған 25 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 

Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қала тыныштығы пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында бірнеше құқықбұзушылыққа жол берген яғни, бір апта ішінде қала аумағында автокөлікті мас күйде басқарған 21 тұлға мен жүргізу құқығынан айырылған күйде көлік тізгіндеген 4 тұлғалар саны анықталды.

 Мәселен, 12 ақпан күні сағат 22:40 шамасында Нұрсая мөлтек ауданында Ресей федерациясында тіркеуде тұрған маркасы Toyota Alfard автокөлігін тоқтатып тексеріс кезінде жүргізушісі 1989 ж.т азаматтан алкогольдік ішімдік иісі сезілгенін байқаған. Аталған жүргізушіні медициналық сараптамаға жеткізіп тексеру кезінде ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлімімен іс-құжаттар жинақталып, әрі қарай шешім қабылдауға мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ сағат 23:38 шамасында Сырым Датов көшесі бойындс Армян мемлекетінде тіркеуде тұрған маркасы Toyota автокөлігі тоқтатылып тексеріс кезінде 1998 ж.т қала тұрғының жүргізу құқығынан айырылғандығы белгілі болды. Аталған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 3 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, сотқа жолданды.

Осыған орай Атырау қаласы Полиция Басқармасы тұрғындар мен қала қонақтарының назарына: көлік құралын мас күйінде басқару ауыр зардаптарға әкеп соғатынын, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкіндігін ескере отырып, аталған құқық бұзушылықтарды жасамау жөнінде қатаң түрде ескертеді.