28 «мамыр», 2023 1450

Атырау-Индер тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды


Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

27 мамыр сағат 02:10 шамасында Жұлдыз ықшамауданындағы Атырау-Индер тасжолында 1997 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы Nissan Qashqai мен 2000 жылы туған азаматтың басқаруындағы ВАЗ-2114 көліктері соқтығысқан. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған жүргізушілер мен жолаушылар облыстық ауруханаға жеткізілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ