Атырау-Дамбы тасжолында жаяу жүргінші көз жұмды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

19 қараша күні сағат 18:30 шамасында Атырау-Дамбы тасжолы бойында "Toyota Hilux" автокөлігі жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жерден өтпек болған 1974 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ