Әкімдік атыраулықтарға шұғыл хабарлама жасады

Тұрғын үй мен ғимарат шатырларынан қар мен мұз құлау қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір мұздақтарды жою үшін 3 арнайы техника және 6 қызметкер жұмылдырылды. Осы ретте, төтөнше жағдайлар мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларына жақын жүрмеу қажеттігін ескертеді.

"Шатырларда қар массаларының, мұздақтардың жиналуына назар аударып, олардың құлауы мүмкін жерлерді айналып өту қажет. Сонымен қатар, автокөліктерді ғимараттар мен құрылыстардың жанында қалдыруға болмайтынын қаперіңізге береміз" делінген хабарламада.