9 сәуірде Оралға кеткен атыраулық әлі табылмай жатыр

Ер адамның жоғалғанына сегіз күн өтті, іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Айта кетейік, 36 жастағы атыраулық Азамат Асанғалиев 9 сәуірде Оралға кеткен. Үстінде көк шалбар (джинсы), қара жеңсіз жемпір, қою көк түсті аяқкиім, мен кепка болған. Сол кезде туысының телефонына қоңырау шалып, Оралда екенін айтыпты. Бірақ, артынша телефоны сөндірілген. Үш күннен соң туыстары полицияға арызданған. Содан бері әлі оралмаған. Полиция департаментінен білгеніміздей, іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Егер оны көргендер болса, 8 (702) 372-30-04 телефонына хабарласулары сұралады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ