Жылыойда «Қазақконцерт» әртістерінің концерті өтті

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясында Жылыой ауданы тұрғындарына концерт ұйымдастырды.
Кеште ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, республикалық
байқаулардың лауреаты Райым Уайс, республикалық байқаулардың лауреаты Әлихан Дүйсенбай, Т&Y дуэті және «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кезең-кезеңімен 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылады. Жобаның мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу.