Қазақтың қара өлеңінің қас шебері, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 95 жыл толуына орай Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ақын шығармашылығына арналған оқулар» байқауы өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Байқау ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «SAF» студенттік театрының сахналық қойылымымен ашылды.
– Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай жастар арасында мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырып отырмыз. Іс-шараға 18–35 жас аралығындағы 19 жас қатысып, ақиық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуда. Сонымен қатар жүлде қоры қарастырылған: жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен арнайы алғыс хат табысталады, – деді Атырау облысы Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Төлегенәли Асқарұлы.
Қазылар алқасының шешімімен байқауда І орынды Нұркен Әмірашаев, ІІ орынды Қарақат Сәкенқызы, ІІІ орынды Есжан Асылбек жеңіп алды.
Іс-шара жастар арасында ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның поэзиясы бүгінгі күнмен үндес екенін көрсетті. ⠀