Құрманғазылық өнерпаз халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Құрманғазылық көркемсөз оқушы Мәскеуде өткен халықаралық фестивальдің жүлдегері атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ресей елінің Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Jas Tolqyn» жас таланттар фестивалінде Жаңаталап ауылдық округі Хиуаз ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің түлегі  Мейіржан Бейбітұлы көркемсөз номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленіп, ел мерейін асырды.

Возможно, это изображение 2 человека и текст

Жетекшісі Клара Қдырсихқызы тәрбиелеген шәкірттер үлкен сахналарда өнер көрсетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Аталған білім ордасының шәкірттері мен ұстаздар қауымы биылғы оқу жылында үлкен жетістіктер көрсетуде. Оның ішінде білім, спорттық және көркемөнерпаздар сайысы да бар.