Қазақстан халқы Ассамблеясы-30: Атырауда студенттік ассамблея ашылды

Атырау көлік және коммуникация колледжінде жаңа бастама қолға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған колледж қабырғасында маңызды оқиға орын алды — Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» Республикалық Қоғамдық Бірлестігімен бірлескен Студенттік Ассамблея ашылды. Ашылу рәсіміне қоғам белсенділері мен Ассамблея өкілдері – колледж директоры Жанбек Ниталиев, «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Мұратбек Сәттіғұл, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісі Расул Серіков, "Довира" ЭМБ жастар қанатының төрағасы Дарья Фаткеева қатысты.

Бұл – жастар арасындағы бірлік, татулық пен өзара түсіністікті нығайтатын жаңа диалог алаңы. Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясы шешімдері аясында еліміздің колледждері мен университеттерінде іске асып жатыр. Бұл жай ғана жоба емес, әртүрлі мәдениет пен пікірлердің үндестігіне жол ашатын жастар үнінің жаңа алаңы.

Амандық АБДОЛ