Индерде Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай ақын ескерткішінің алдында 60 дендерлік гитарашы бас қосып, бір мезетте “Сәйгүлік” әнін тік тұрып шырқады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Шара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті.
"Ақынның мерейтойы аясында тек елімізде ғана емес, Стамбұлда да еске алу шарасы өтті. Түркиялық қазақтар да Досымовтың әндерін ерекше жақсы көретінін білдік. Сол сапардан кейін осындай флешмоб өткізуді ойладық" дейді идея авторы Тәуірбек Бозекенов.
Айта кетейік, әйгілі "Сәйгүлік" әнінің әуенін Табылды Досымов, ал, сөзін ақын Светқали Нұржан жазған болатын.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Бейнежазба авторы – @saida_foto_videostudio