Атырауға 6 айда 83 мың турист келді

Атырау облысына соңғы 6 айда 83 мыңнан астам турист келген, деп хабарлайды AtyrauPress.

 Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ға өскен. Саяхатшылардың қызығушылығын әсіресе тарихи орындар тартады. Сарайшық қаласы – Алтын Орданың астанасы болған қала – биыл 23 мыңнан астам адамға есігін ашқан. Жәдігерлер музей қорына қабылданып, қазба жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Дегенмен жол мәселесі мен инфрақұрылымның толық дамымауы туристерге кедергі келтіретіні жасырын емес.  Жауаптылар туристік нысандарды абаттандыруға инвестиция тартуды жоспарлап отыр.