Атырау облысы әкімдігі қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні авторларының бірі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Жыр - Жұмекен» республикалық поэзия фестивалі өтті,-деп хабарлайды Өңірлік коммунациялар қызметі.
Іс-шараға елімізге кеңінен танымал 25-50 жас аралығындағы жазба поэзия өкілдері қатысты. Сонымен қатар жергілікті талантты жас әдебиетшілер мен студенттер, қалың оқырманды қамтыды.
- Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған 10 күндіктегі ірі іс-шаралардың бірі осы поэзия кеші. Фестивальдің мақсаты көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің қазақ әдебиетіндегі орынын, оның шығармашылығының негізгі қырларын көпшілік оқырманға кеңінен насихаттау. Жастарға Жұмекен поэзиясының тәрбиелік, рухани құндылығын жеткізу. Сондай-ақ осы отырысқа елімізге танымал 10 жуық ақын,жазушылар қонақ болуда,-деді Мәдениет және ақпарат министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығының басшысы Шерхан Талап.
Сонымен қатар ақын апталығында поэзия кешінен бөлек «Менің Қазақстаным» атты гала-концерт, «Ұрпағым, саған айтам…» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, республикалық деңгейдегі ақындар айтысы және Нәжімеденовтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өткізілді.