Атырау облысында туризм саласына 2025 жылдың 9 айында 32 млрд теңге жұмсалды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп, деп хабарлайды AtyrauPress.
Қаржы туристік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған: Сарайшыққа барар ауылішілік жол салынып, Ақмешіт қорымына 34 шақырым жол төселуде. Сондай-ақ Құрманғазы ауданындағы лотос алқабы абаттандырылған. Жобаға сәйкес, туристер үшін қолайлы жағдай жасау – басты мақсат.
Дегенмен кей аудандарда жағдай әлі де қиын. Индер ауданында туристік нысандарға жол мен байланыс мәселелері шешілмеген. Жергілікті тұрғындар жеке кәсіпкерлерді демалыс орындарын дамытуға шақырып отыр.
Өңірдегі киелі орындардың бірі Ақмешіт қорымына келушілер саны жыл сайын артып келеді. Бұрын жол мәселесі өзекті болса, қазір 34 шақырым жол салынып жатыр.
Сонымен қатар Құрманғазы ауданындағы лотос алқабы туристердің қызығушылығын арттырып отыр. Мамандардың айтуынша, туристерге қолайлы жағдай жасалса, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік мол. Сонымен қатар «Визит Атырау» туристік-ақпараттық орталығы туристерге толық ақпарат береді, гид қызметі жұмыс істейді, әлеуметтік желіде ақпарат күнделікті жаңартылып отырады.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ