Атырауда «Қыр баласы қол созады аспанға» көрмесі ашылды

Жастардың шығармашылығын ашуға және ішкі туризмді насихаттауға бағытталған жобалық көрменің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобада суретшілер, қолөнер шеберлері, фотографтар, музыканттар мен бейнеоператорлардан құралған экспедициялық топ жасақталып, бірнеше ай бойы Атырау облысының 7 ауданын аралады. Олар өңірдің көркем табиғатын, дала тіршілігінің ерекшеліктерін және жергілікті тұрғындардың бейнесін жинақтады.

Көрмеге табиғат сұлулығын суреттейтін 45 фотожұмыс қойылды. Олар 17 қарашаға дейін Yemma Artspase-те келушілер назарына ұсынылады.

Айта кетейік, жоба Облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен және «Golden Steppe EXPLORERS» қоғамдық қорының бастамасымен жүзеге асырылуда.