Атырауда қылқалам шеберлеріне 600 мың теңгелік сертификат табысталды

Облыс орталығында «Мықты маман – мықты ел» атты суретшілердің республикалық онлайн-симпозиум көрмесі ашылды. 

Оған Алматы, Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларынан және өңірден барлығы 15 қылқалам шебері қатысты. Суретшілер берілген тақырып бойынша өз туындыларын дайындап, көрермен назарына ұсынды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара Атырау облысы әкімдігі мен облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен өтуде. 

Көрмені облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев ашып, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі. Қылқалам шеберлерінің арқайсысына 600 мың теңге сертификат табыс етіліп, симпозиум қорытындысы бойынша тың туындылар музей қорына қабылданды.