Атырауда биыл жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 90 әлеуметтік жоба іске асырылуда

Үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көлемі артты, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі вице-министрі Айбек Сыдықов Атыраудағы кездесуде мәлімдеді.

«Азаматтық қоғамды дамыту үшін гранттық қаржыландыру, жобалық ынтымақтастық және волонтерлік бастамаларды кеңейту маңызды» деді ол.

Соңғы жылдары әлеуметтік жобаларды қолдау екі есеге артты, волонтерлік ұйымдардың саны үш есе көбейді. Жобалар білім беру, инклюзия, экология және әлеуметтік қолдау бағытында жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, Атырау облысында 2025 жылы жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 90 әлеуметтік жоба іске асырылуда, ал еріктілердің саны 5 жылда едәуір өсті.

Фото: abiturient.vvsu.ru