Атырауда БАҚ пен онлайн платформалар дамуда

Ақпараттық кеңістікті дамыту және сапалы мәліметті қоғамға жеткізу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі вице-министрі Айбек Сыдықов Атыраудағы кездесуде айтты.

«Масс-медиа туралы», «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңдар ақпарат үшін жауапкершілікті арттырып, жалған ақпарат пен жік салатын контенттің таралуын шектеуге мүмкіндік береді» деді ол.

Заңдардың мақсаты – тіркелген БАҚ жұмысына реттеу енгізу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, блогерлер мен инфлюенсерлерді салықтық жауапкершілікке тарту. Сонымен қатар, интернет жарнамаларды реттеу және мессенджерлердің жұмысын жүйелеу қарастырылған.

Айта кетейік, Атырау облысында 60 мерзімді басылым, 5 теле-радиоканал және 24 ақпараттық агенттік пен желілік басылым жұмыс істейді.