Атырауда Алғыс айту күні айрықша аталып өтті

Татулығы тамыр жайған, ынтымағы ұйысқан қасиетті қазақ жерінде көктемнің алғашқы күнінде аталып өтетін 1 наурыз – Алғыс айту күні елдік сананы жаңғыртып, жүректерді жақындататын айрықша сәт. Бұл күн өткенге — тағзым, бүгінге — шүкір, келешекке сенім ұялатып, мейірім мен ізгілікті ту етеді. Осындай мағыналы да мазмұнды мерекеге арналған Атырау қаласында өткен салтанатты іс-шара барша жұртты бірлік пен бейбітшіліктің, өзара құрмет пен ризашылықтың алтын арқауына тоғыстырды.

60192ba3 2e4c 47c9 9e95 515cacdc936c

Басқосу барысында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов жиналған жұртты Алғыс айту күнімен құттықтап, облыс әкімінің атынан ыстық ықылас пен жүрекжарды лебіз білдірді.

bf0ccf06 d166 423a 823c 9e2a00f8ac80

-Алғыс айту күні – Қазақстан тағдырын тоғыстырған көпэтносты халықтың ортақ тарихына тағзым ететін, түрлі ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына біріктірген береке-бірлікті дәріптейтін, қайырымдылық пен өзара қолдауды нығайтатын тағылымды күн. Бұл – әрбір азаматтың өзіне көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін шынайы ризашылығын білдіріп, айналасына жылылық сыйлайтын ерекше сәт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біздің бірлігіміз – тәуелсіздігіміздің кепілі» деген қанатты сөзі әр адамның жүрегінде берік орнауы тиіс. Қандай қиын-қыстау кезеңде де ел тағдыры үшін ұйыса білетін халқымыздың ынтымағы мен татулығы – ең қымбат әрі баға жетпес қазына. Берекелі бірлік пен баянды тыныштықты сақтау, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді нығайту – әрбір қазақстандықтың ортақ әрі қасиетті борышы, — деді Ә.Жоламанов.

ae9b66fe 5ce2 49a9 9996 f72cfe13a558

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге рухани қуаныш сыйлады. Атыраулық өнерпаздар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары бір сахнада бас қосып, достық пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. «Мюзишнс» өнер мектебінің балалар хоры орындаған «Қазақстан – егемен елім» әні көрермендердің елге деген сүйіспеншілігін арттырса, Болат Долдашев, Жәнібек Жәмиев, Серік Әлібеков, Ақбөкен Темір, Нұрлыбек Нажекенов орындаған күй тартыс ұлттық рухты асқақтатты.

726f5b3e e7e4 4f4a 9405 c0510fc58735

Сонымен қатар, «Асау» тобының әуезді поппуриі, «Тхоньиль-Атырау» кәріс этномәдени бірлестігінің «Саранг» хоры орындаған «Мой Казахстан» әні, Нұрсұлтан Медетов пен «Аэлита» спорттық бал-би ансамблінің заманауи қойылымы, Изабелла Галстян мен «Номад» би тобы ұсынған Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ ерке – Жайық» композициясы, Дарья Фаткеева мен «Жем аруы» халықтық би ансамблінің «Мәңгілік ел – Қазақстан» биі көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ал финалда «Камелия», «Жұлдыз», «Номад», «Санат», «Иверия», «Nam-Son», «Меруерт», «Жем аруы» ансамбльдері орындаған Достық биі көпұлтты еліміздің ынтымағын айшықтай түсті.

84c19623 bc45 4577 b5d4 1f2eb3303f90

Салтанатты кештің соңында Бекет Аманқос, Назгүл Өтепбергенова, Ризабек Серік, Жайна Нұрханова орындаған «Қазақстан» әні мерекенің сәнін айшықтай түсті.

2f70b59d edc5 4a8b b476 db656ff9672d
4cd12435 bb20 4306 a0be a767b7ee4117
bd807bfb 9a79 4124 aa8a 78e7d11e54b7
30f275ba 766e 4c1c adfe 67c5803a9747
f472d8df 5dcc 4b0a b761 482c88bda7ef
6d1d0f4e 80d5 4bf4 b68b 44cec182e884
b80272bb 34a3 43da bd0b d4e09d8b0953


Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ