Аққыстауда мерекелік шаралар өтеді

"Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай аудан орталығы Аққыстау ауылында өтетін мәдени-көпшілік шараларға қатысып, қонақ болуға шақырамыз. 21 наурыз күні сағат 10:00 ден 14:00 аралығында аудан орталығында: И.Тайманұлы ескерткіші алаңында, Теміржол вокзалы маңында, Аудандық аурухана алаңында
”Жалын" мәдениет үйі алдында, "Жайықмұнайгаз" МГӨБ мекемесі алдында, Орталық стадион алаңында, Өркен ауылының 60 үйлік алаңында, Абай атындағы орта мектеп алдында киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылып, аудан өнерпаздары өнер көрсететін болады.
Ауданға қарасты қалған округтерде де бекітілген жоспарға сай мерекелік мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады" делінген хабарламада.