Роналдуды негізгі құрамға қоспаған жаттықтырушы жұмысынан босатылды

68 жастағы Сантос ұлттық Португалия құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті, деп хабарлайды A Bola.

Оның келісімшарты 2024 жылға дейін еді. Португалия құрамасы Сантостың басшылығымен 109 матч өткізді (67 Жеңіс, 19 жеңіліс және 23 тең ойын).

   Енді ұлттық құраманы Руй Витория, Джордж Джезуш, Руй Джордж, Паулу Бенто, Карлуш Кейруш, Паулу Соуза немесе Хосе Моуриньо басқаруы мүмкін.