Еркінқалада жаппай төбелес болған ба?

Атыраулық полицейлер жалған хабарлама берген жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

21 мамыр күні сағат 00:10 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының 102 арнасына белгісіз адам Еркінқала ауылы, Есқалиев көшесі бойында бір топ жасөспірім балалардың төбелесіп жатырғандығы жөнінде хабарлама қалдырған. Оқиға орнына дереу жеткен ювеналды полиция қызметкерлері хабарламаның жалған екендігін анықтады.

Белгілі болғандай 2008 жылы туған жасөспірім дәл сол түні 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүріп, сағат 00:44 шамасында полиция қызметкерлеріне өзін белгісіз адам есімімен таныстырып 2 рет жалған хабарлама берген. Аталған жасөспірім баланың ата-анасы полиция басқармасына шақыртылып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлімімен (кәмелетке толмаған жасөспірім балалардың түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Одан басқа, полиция қызметкерлеріне жалған хабарлама берген 15 жастағы жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК-нің 438 бабының 1 бөлімімен (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама жасақталып, жауапкершілікке тартылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив