Атырау облыстық сотында «Объектілердегі террористік акт кезіндегі тәртіп ережелері туралы» тақырыбында жиналыс өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, аталған іс-шараға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Атырау облысы соттарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша комиссия төрағасы Т.Уалиева, Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы С.Бисенов, ҚР ІІМ Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері аға инспектор полиция майоры Е.Сұнғатов, полиция капитаны Т. Сакипов, облыс соттарының судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар объектілердегі террористік актілер жағдайларында ережелер мен шараларды қолдану туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Е.Сұнғатов террористік актілер қаупі төнген кезде, сондай-ақ ғимараттар мен объектілерде жарылғыш заттар, құрылғылар табылған кездегі ережелер мен іс-қимыл туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, «Террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде бастапқы ден қоюды ұйымдастыру» тақырыбына бейнеқұрал көрсетілді.
С.Бисенов «Сыбайлас жемқорлық пен терроризмге қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатырған іс-шаралар туралы айтты.
Семинар соңында ҚР Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (Әдеп жөніндегі уәкіл) Р.Кулмуханов мемлекеттік қызметтегі негізгі шектеулер туралы айтып, қызметкерлердің назарын әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттігіне аударды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ашық дереккөз