Атыраулық тұрғын ірі көлемде есірткі сақтаған

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде заңсыз есірткі өнімін сақтаумен айналысқан 1993 ж.т. қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мекен-жайын тексеру кезінде ұнтақ заты бар 4 орама және өсімдік тектес заты бар бір қағаз пакет алынды. Бұған қоса, “ПМ” маркалы пневматикалық тапанша тәркіленді.
Медицининалық экспертиза қорытындысымен 18,903 грамм болатын қарасора және 2,86 грамм “Альфа PVP” синтетикалық есірткісі екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ