Атыраулық полицейлер жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Қазіргі таңда қоғамда кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық қылмысы өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осы орайда, Атырау қаласының полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Құралай Жаркынбекова Атырау көлік және коммуникация колледжі студентінің жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты - жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқушы, студенттер тарапынан болатын қылмыстық құқықбұзушылықтың келеңсіздіктерін болдырмау.