Атырауда бір күнде көше кезген жүзге жуық жасөспірім анықталды

Атырауда түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген 70-ке жуық жасөспірім анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Республика көлемінде өтіп жатқан "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін және түнгі уақытта тұрғылықты мекен-жайынан тыс жерде жүргендерді анықтау, кәмелетке толмағандардың алкогольді сусын тұтынуын тоқтату, алдын алу. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде бір күнде облыс аумағында  100-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Түнгі сағат 23-00 ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 69 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ