Арбадан түсіп қалған атыраулық балақай үйіне жеткізілді

Атыраулық полицейлер арбадан түсіп қалған балақайды үйіне жеткізді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті. 18 наурыз күні сағат 21:40-шамасында «102» арнасына қала аумағында орналасқан мекемеде белгісіз адаммен келіспеушілік орын алғандығы туралы хабарлама түскен. №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің ЖПҚБ-нің №1 Участкелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары тексеру барысында аталған мекеменің күзетшісі кішкентай баласын арбамен қыдыртып келе жатқан ер адамның құлап, нәрестенің арбадан түсіп қалғанын айтқан. Күзетші көмек беру кезінде ер адам арбаны айдап қашып кеткен. Аталған азаматтың денсаулығында кінәрат бар екендігі белгілі болды. Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторлары полиция лейтенанты Шыңғыс Мұсаев және полиция аға лейтенанты Нурлан Ерлан кішкентай нәрестені алып, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ер адамды тауып, әкесі мен баласын үйіне жеткізіп, әжесіне табыстады. Өз кезегінде жедел әрекет етіп, баласы мен немересін тауып бергені үшін қала тұрғыны полицейлерге ризашылығын білдірді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ