24 «наурыз», 2023 16

16 атыраулық жүргізуші жауапқа тартылды


Атырауда бір түнде лэд, ксенон жарық шамдарын қондырған 16 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
ПД мәлім еткендей, 23 наурыз күні Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері техникалық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын анықтау бағытында қызмет атқарды. Аталған лэд, ксенон шамдары орнатылған көлік құралдары қозғалыс кезінде өзге жүргізушілерге шағылысып, жол көлік оқиғаларына себеп болады. Осыған байланысты Атырау қаласы аумағында бір түнде көлік құралының техникалық талаптарға сәйкес келмейтін лэд, ксенон шамдарын орнатқан 16 жүргізуші анықталды. Атырау қаласы полиция басқармасы аталған құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.