21 Ақпан, 2023 2967

Атырау адам танымастай өзгеруі мүмкін (+ФОТО)


Урбанистер ұсынған жобалардың тұсаукесері қазіргі заманғы YEMAA мәдениет орталығында өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи қатысты. Соңғы жылдары Қазақстанда урбанистика қарқынды дамып келеді, өйткені қазақстандықтардың 60%-дан астамы қалада тұрады. Соған байланысты қала мен көлік қозғалысын жоспарлауға, экология мен туризмді дамытуға, қала орталығындағы мүмкіндіктердің тұрғындарға қолжетімді болуына, демалуға және спортпен айналысуға көбірек көңіл бөлінуде. Осы орайда, қаланың жай-күйін талдаған урбанистер өз жобаларын жергілікті әкімдікке ұсынды.

Қасиет БАХКЕРЕЙҚЫЗЫ