ISO 20022 халықаралық стандартына көшу жеке тұлғалардың ақша аударып, төлем жасауына кедергі келтірмейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Әлеуметтік желілерде ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматы іске қосылғанда ақша аудару, оны банкоматтан шешіп алу, төлем жасау сынды қызметтердің қолжетімсіз болатыны туралы туралы аудиожазба тарады. ҚР Ұлттық банкі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады. ISO 20022 еңгізілгенде халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс және басқа да төлем қалыпты жағдайда жұмыс істейді.
ISO 20022 – электронды хабарлама алмасатын әлемдік стандарт. Ол қаржы ұйымдары арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасалған. Бұл стандартқа көшу нарық қатысушыларына ISO 20022 негізінде жүзеге асырылатын жаңа шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде төлем хабарламаларын алмасудың біріздендірілген моделін қолдану арқылы барлық тараптың шығынын азайтады.
Фото ru.freepik.com