Мақат ауданында педагогтерді электрондық қабылдау іске қосылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
2025 жылдың тамыз айынан бастап білім беру саласына қызметкерлерді қабылдауға арналған «Jumystech.kz» автоматтандырылған онлайн-платформасын әзірлеу және енгізу жұмыстары жүргізілуде. Платформа ашықтықты, тиімділікті арттыруға және заманауи талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлерді қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады, бұл адам факторын азайтып, ақпараттың қолжетімділігін арттырады және меритократиялық қағидаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, платформа қазірдің өзінде аудан деңгейінде — атап айтқанда, Мақат ауданында қолданылуда. Бұл білім беру ұйымдары мен үміткерлерге бірыңғай цифрлық форматта жұмыс істеуге мүмкіндік береді: өтінім беру, құжаттарды тіркеу және қарау кезеңдерін артық қағазбастылықсыз әрі мекемелерге бармай-ақ қадағалау мүмкіндігі бар.
«Jumystech.kz» платформасының одан әрі дамуы кадрлық үдерістерді біріздендіруге, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартуға және іріктеу жүйесін барлық қатысушылар үшін ашық әрі түсінікті етуге ықпал етеді деп күтілуде.