Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында су тазарту қондырғысына қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық энергетика басқармасынан білгеніміздей, қуаттылығы 25 м³ болатын нысан толық жөндеуден өткізіліп, заманауи қондырғылармен жабдықталды. Жөндеу жұмыстары барысында тазалау жабдықтары жаңартылып, сорғы жүйелері, жылу қазандықтары мен жарықтандыру құралдары орнатылды. Аумақ абаттандырылып, бейнебақылау камералары қойылды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қайта жаңарту жұмыстарын “Сұңқар Құрлыс LTD” ЖШС жасады.
Амандық АБДОЛ