Салық төлеушілерге қызмет көрсететін топтар пайда болады

Мемлекеттік кірістер комитетінде жаңа тіркелген салық төлеушілері бойынша қосымша оқыту іс-шаралары жүргізіледі. Қандай нысана тапсыру керек, ол қандай режимде қабылдануы керек, қандай салық міндеттемелері пайда болады, соны оқыту процестері жүргізіледі. Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің функциясы болып табылады. Бұл жайлы ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ алаңында хабарлады.

Сонымен қатар ведомствода жаңа сервистер пайда болады. Алыс өңірлердегі немесе қиын жағдайға түскен салық төлеушілерге қызмет көрсететін сервистік топтардың функциясы іске қосылады. Олар әр өңірде құрылатын болады. Бұл топтар кеңес беру құқығына ие болады. Осы функциялар жаңа Кодексте көрсетілген. Сервистік топтар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Тағы бір өзгешелік – пилоттық жобаларға қатысты өзгерістер. МКК пилоттары бойынша барлық процесс регламенттеледі. Пилоттық жобаның мақсаты – бірнеше негізділік түрінде іске асырылуы. Бұл ашықтық негізділігі, пилоттық жобаларды орындау мүмкіндігі болу керек, пропорционалдылық және ұтымдылық процестері болуы керек. Осы шарттар орындалатын болса ғана, жобалар іске асады. Пилоттық жоба іске асырылғаннан кейін, қорытынды сараптама-талқылау жұмыстары жүргізіліп, ол БАҚ көздері арқылы жариялануы тиіс. Содан кейін пилоттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданады. 

«МКК бір сәтте неше пилоттық жоба іске асырылуы керек, ол да осы регламентке қосылған. Сондықтан қазіргі таңда көп шағым түсіп жатады. Жиі пилоттық жобасын енгізіп жатасыздар. Біздің кәсіпкерлерге ауыртпашылық тигізесіздер деген. Сондықтан бұл процесті регламент түрінде бекітетін боламыз. Және де жаңа өзгерістердің бірі – ескертулер мен хабарламалардың болуы. Біз барлық қарым-қатынасты екіге бөлдік: ескертулер және хабарламалар ретінде. Ал,  ескертулер 20 АЕК дейін берешек пайда болса, сол кезде ескертулер жіберіледі. Алушылар бойынша өзара есеп-айырылысу кезінде күмән туындаса, сол кезде ескертулер жіберіледі. Ал, хабарлама ақпараттық- профилактикалық және міндетті түрде орындалатын хабарламалар болып бөлінеді», – деді спикер.

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ