Бірнеше жылдан бері Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғындары жазғы ауызсудың уақытылы жүрмей, қажетті деңгейде келмейтінін айтып, шағымданып жүрді. Қазір бұл мәселе шешімін тауып, жазғы су құбырының құрылысы басталды, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, құрылыс жұмыстары қыркүйекте басталды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін, халыққа су Ойыл өзені бойындағы қалқымалы су айдау станциясы арқылы берілмек.
- Жазғы су құбырының жалпы ұзындығы-14,1 км. Құрылысты келер жылы аяқтау жоспарланды. Мердігер мекеме - «НСК МВМ Construction» ЖШС,-деді Д.Нығметов