Махамбетте жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілді

«Туған жерге тағзым жобасы аясында» аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың бастамасымен кұрылған қоғамдық қор арқылы 10 жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз 600 000 теңге гранттың сертификаты табысталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл үшін кәсіпкерлерді қолдауға қордан барлығы 6 млн.теңге каржы бөлінді. «Ауыл болашағы» грантына аудан жас кәсіпкерлерінен 18 өтінім қабылданып, өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия мүшелерінің шешімімен 10 кәсіпкердің жобасы жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаз жобалардың арасында жаңа тың жобаларда бар. Атай айтсақ “Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды оқыту және дамыту”, “Цифрлық қызмет көрсету”, “Франциялық кондитерлік өнімдер”, “Эпоксидті шайырдан түрлі бұйымдар жасақтау” жобалары осы грант арқылы іске аспақ. Аталған жоба облысьмызда бұрын соңды болмаған алғашқы жоба.

Өз сөзінде Қайрат Есқабылұлы ауданның жас кәсіпкерлерін қолдау алдағы уақытта да жүзеге асатынын жеткізіп, жоба жеңімпаздарына сәттілік тіледі.