2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс материалдары өнімдерінің импорты 232 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз.

«2022 және 2023 жылдар қорытындысы бойынша экспортымыз да ұлғайып жатыр. 2022 жылы экспорт 190 млн АҚШ долларын құрады.  2023 жылдың қорытындысы бойынша 242 млн АҚШ долларына экспорт жасалды. Бұл дегеніміз, өсіп жатқанының белгілері. Басты материалдар: портландцемент, керамикалық кірпіштер экспорттап жатырмыз», – деді спикер.

Құрылыс материалдары экспортының ұлғаюы қазақстандық құрылыс индустриясының әлеуетін және оның әлемдік нарықта табысты бәсекеге түсу қабілетін айғақтайды. Өндірістің ұлғаюы құрылыс жұмыстарының ұлғаюымен тығыз байланысты. 5 жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 102 жоба іске қосылды.