Насипов Қайрат Марданұлы – Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қайрат Насипов – 1966 жылы 25 шілде күні Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Приморье ауылында дүниеге келген. 1973-1983 жылдары Гагарин атындағы жалпы орта мектебін бітірген. Отбасылы, білімі жоғары. 1983-1987 жылдары Целиноград финанс-экономикалық техникумын қаржы, 1999-2002 жылдары қазақстандық экономика және құқық институтын қаржы және несие мамандығы бойынша аяқтаған. 1984-1986 жылдары Отан алдындағы борышын Мәскеу қаласында өтеген.
Алғашқы еңбек жолын 1987-1991 жылдары Теңіз аудандық қаржы бөлімінде экономист болып бастап, бас экономист қызметіне жоғарылатылған. 1991-2008 жылдары Құрманғазы аудандық салық басқармасында маман, бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары Исатай ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, 2012-2024 жылдары Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ