«Қауіпсіз жол»: 2 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

Аудандағы Жасқайрат ауылында «Құрман» шаруа қожалығы мал өнімдерін өңдеуді қолға алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол қауіпсіздігін қадағалауды ұйымдастыру тобының инспекторы Айбек Алимов баспасөз брифингінде мәлім етті. Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім еткендей,Құқық бұзғандардың ішінде мас күйінде көлік айдағандар саны – 9, жүргізуші куәлігінсіз жүргендер – 30. 1010 жүргізушінің жылдамдықты шамадан тыс асырғаны анықталған. Қалғандары да түрлі жағдайда жолда жүру қағидасын сақтамаған.

- Облыста жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 8-10 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Онда анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асырғандар. Нәтижесінде 85 автокөлік айып тұрағына қойылып, 41 автокөліктің мемлекеттік белгісі түсірілді, - деді А.Алимов.

Оның айтуынша, 11-17 қараша аралығында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясын өткізеді.

Сәуле МАҒАУ

Фото AtyrauPress