Бүгінде Исатай ауданында Тұщықұдық, Хамит Ерғалиев, Жанбай ауылдарына 140 шақырымды қамтитын жуық жазғы су құбыры тартылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың тамыз айында басталды, аяқталуы 2025 жылдың қыркүйек айы болып жоспарланған. Облыстық энергетика басқармасынан білгеніміздей, жоба бойынша әр ауылда модульды ПНС Аkva BPS су айдау станциясы, NB 65-200/217 маркалы, қуаты 30 кВт, сағатына 150 м3 су айдау насосы, дренаж насосы, су жинайтын резервуар, қалқанды пантон, КТП-10/0,4 кВ трансформаторын орнату жұмыстары қаралған.
Тұщықұдық ауылындағы жазғы су желісінің ұзындығы - 50460 метр, Жанбай ауылындағы жазғы су желісінің ұзындығы - 49920 метр, Х.Ерғалиев ауылындағы су желісінің ұзындығы - 39550 метрді құрайды. Қазіргі уақытта Тұщықұдық ауылында 29240 метр су құбыры тартылды, оның ішінде диаметрі 160х6,2 мм - 12478 м, диаметрі 110х4,2 мм - 16762 м, жұмыстардың орындалысы - 58%.
Жанбай ауылында 40504 метр су құбыры тартылды, оның ішінде диаметрі 200х9,6 мм - 932 м, диаметрі 160х6,2 мм - 15719 м, диаметрі 110х4,2 мм - 23853 м, жұмыстардың орындалысы - 81%.
Х.Ерғалиев ауылында 35882 метр су құбыры тартылды, оның ішінде диаметрі 200х9,6 мм - 1200 м, диаметрі 160х6,2 мм - 11565 м, диаметрі 110х4,2 мм - 23117 м, жұмыстардың орындалысы - 91% құрайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ