Исатай ауданында жазғы су құбырлары жүргізілуде

Бұл туралы біз адуандық әкімдіктен білген едік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында 50,5 шақырымды қамтитын жазғы су құбыры жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың тамыз айында басталды, аяқталуы 2025 жылдың қыркүйек айы болып жоспарланған. Жоба бойынша модульды ПНС Аkva BPS су айдау станциясы, NB 65-200/217 маркалы, қуаты 30 кВт, сағатына 150 текше метр болатын су айдау насосы, дренаж насосы, су жинайтын резервуар, қалқанды пантон, КТП-10/0,4 кВ трансформаторын орнату жұмыстары қаралған. Жазғы су желісінің ұзындығы - 50 460 метр. Қазіргі уақытта диаметрі 110-200 мм болатын 47 230 метр су құбыры тартылды. Жұмыстар 65%-ға орындалып отыр.

Сондай-ақ, Жанбай ауылында 50,0 шақырымдық жазғы су құбырының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба 2024 жылдың тамыз айында басталып, 2025 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда 41 200 метр құбыр тартылып, жұмыс 91,39%-ға орындалды. Жоба аясында қуаты 30 кВт, сағатына 150 м³ су айдайтын NB 65-200/217 маркалы насос, модульді ПНС Akva BPS су айдау станциясы, дренаж насостары және КТП-10/0,4 кВ трансформаторы орнатылады. Сонымен бірге, су жинайтын резервуардың арматурасы тоқылып, 13 мамырдан бастап екі жүз плитаға бетон құю жұмыстары басталады. Қалқанды пантонның материалдары цехта дайындалуда.

Сол секілді, Х.Ерғалиев ауылында ұзындығы 39,5 шақырымды құрайтын жазғы су құбыры жүргізілуде. Жоба аясында орнатылатын негізгі нысандар: модульді ПНС Akva BPS су айдау станциясы; NB 65-200/217 маркалы, қуаты 30 кВт, сағатына 150 м³ су айдау насосы; дренаж насосы; су жинайтын резервуар; қалқанды пантон; КТП-10/0,4 кВ трансформаторы. Құбыр желісінің жалпы ұзындығы - 39 550 метр. Қазір тартылған құбыр ұзындығы 35 882 метрді құрайды.

Амандық АБДОЛ