Индер ауданының Елтай ауылына 100 жарықдиодты шам орнатылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
– Биыл ауылдың 12 көшесіне барлығы 185 жаңа жарық шам орнатылды. Соның ішінде Сатпаяқов, Базарбаев, Датұлы, Шарипов, Қауашева, Тайманұлы көшелері ішінара жарықтандырылғандықтан, жаңадан желі тартылып, қосымша шамдар орнатылды, - деді ауыл әкімі Дулатбай Сариев.
Әкімнің айтуынша, ауылдағы толық жарықтандырылмаған 7 көшеге келер жылы жарықдиодты шамдар орнатылады.
Айта кетейік, биыл Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала ауылында 8 көшеге барлығы 120 шам қондырылып, ауыл толықтай жарықпен қамтамасыз етілді.
Сәуле МАҒАУ