Атырауда өткен қоғамдық кеңес отырысында 2025 жылғы облыс бюджетінің орындалу көрсеткіштері жария етілді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева 2025 жылдың 11 айындағы кірістер туралы баяндады. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін облыс бюджетіне 831,6 млрд теңге түскен. Бұл жылдық жоспардың басым бөлігін қамтиды.
Жыл соңына қарай болжамды түсім 877,2 млрд теңге болады деп күтіліп отыр. Оның ішінде облыстың өз кірісі - 224,8 млрд теңге.
«2025 жылғы көрсеткіштер біздің алдағы үш жылдық жоспарға тікелей әсер етеді. Өйткені кез келген болжам нақты деректерге сүйенуі тиіс. Биылғы түсімдердің қарқыны тұрақты» деді Айгүл Әжіғалиева.
Ол сонымен бірге салықтық әкімшілендіруді күшейту арқасында жоспар орындалғанын атап өтті.