Атыраулық кәсіпкерлер гидропоника шаруашылығын дамытуда

Атыраулық «Эверест» компаниясы микрожасыл дақылдар мен жапырақты шөптерді гидропоника әдісімен өсіруді қолға алды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта гидропондық жүйеде 30 мыңнан астам көшет өсіріліп, ай сайын шамамен 1 тонна өнім алынады. Өнім түріне микрожасыл дақылдар мен жапырақты шөптер – салат, райхан, қыша, шомыр және басқа да түрлері кіреді.
 
- Гидропоника технологиясының басты артықшылығы – суды үнемдеу және экологиялық тазалық. Өсімдіктерге пестицид пен гербицид қолданылмайды, өсіру процесі толықтай бақыланады. Соның нәтижесінде жыл мезгіліне қарамастан сапасы тұрақты әрі дәруменге бай өнім алынады,- дейді кәсіпкер Зульфия Казимова.

Жоба «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында жүзеге асырылып, Халық банкі мен «Даму» қорының қолдауымен толық іске қосылған.