Атырауға осы айда 8051 тонна автогаз бөлінді

Желтоқсан айында Атырау облысына 8051 тонна автогаз бөлінді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков мәлім етті. Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бөлінген газ өңірдегі 101 газ бекетін қамтамасыз етеді. Ішкі нарықтағы газ қажеттілігі үшін министрліктен қосымша 2 мың тонна сұйытылған газ сұратылады.

Фото: ru.freepik.com