2024 жылдың бірінші жарты жылдығында Атырау облысында жалпы ішкі өнімнің көлемі 6,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
2024 жылдың 10 айында өңірге түскен салықтық және басқа түсімдер – 3,6 трлн теңге. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Серік Шәпкенов хабарлады. Оның мәліметінше, қаңтар-қазан айларында өңірде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 1,7 трлн теңге. Оның ішінде, шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд АҚШ долларын құрады.
«Өңірде биыл 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, жалпы құны 46 млрд астам 8 жоба іске асырылды. Қалған құны 24 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жыл соңына дейін тапсырылады», - деді өңір әкімі."@ortcom_kz"