Атыраудың атақты мұнайшысы 80 жасқа толды

Ардагер мұнайшы Махамбет Батырбаев «Ембімұнайгаз» мекемесін 1994-2002 жылдары басқарған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Тау-кен инженер-геологы мұнай-газ саласын дамытуға үлкен үлес қосты. Оның Ембіден бөлек, «Маңғышлақ» пен «Теңіз» мұнай-газ өндіру басқармаларында да ізі сайрап жатыр. Ол ауыр өнеркәсіптің ортасында жүріп, теңдессіз байлықтың көзін ашуға еңбек сіңірді. Маңдайынан май сорғалаған мұнайшы осыдан 28 жыл бұрын Қызылқоғадағы «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасын ашуға да атсалысқан.

«Бір кездері Қызылқоға халқы облыс орталығы мен Мақат ауданына үдере қоныс аударып жатқанда, оларды ұстап қалу керек болды. Сөйтіп, біз олар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмыстандық. Енді араға жылдар салып, жергілікті жұрт сол жұмыстың жемісін көріп отырғаны қуантады» деп еске алады Махамбет Демешұлы.