Атырауда өткен қоғамдық кеңес отырысында 2026-2028 жылдарға арналған облыс бюджеттің шығыс бөлігі таныстырылды. Кездесуде облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева бюджетті қалыптастыруда басты басымдықтар сақталғанын айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оның айтуынша, келесі жылдары шығыстарды жоспарлау кезінде Президент Жолдаулары, жаңа заңнамалық талаптар және 2025 жылғы бюджеттің атқарылу нәтижелері ескерілген.
«Бюджеттің ең маңызды бағыты өзгермейді. Біз бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауды, білім мен денсаулық саласын қолдауды басты назарда ұстап отырмыз. Адами капиталды дамыту – өңірдің тұрақты өсімінің негізгі факторы» деді Айгүл Әжіғалиева.
2026 жылы облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 975 млрд теңге, 2027 жылы 987 млрд теңге, ал 2028 жылы 1 трлн 2 млрд теңге көлемінде жоспарланған.