Атырауда сиыр және тауық еті қолжетімді бағада сатылуда

Қазіргі күні ет бағасын тұрақтандыру мақсатында «Атырау» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры аясында шаһардағы бірқатар сауда орындарында сиыр және тауық еті қолжетімді бағада сатылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қала тұрғындары етті арзан бағада нақты қандай мекен-жайлардан алуға болатынын біле жүру үшін тұрақтандыру қоры аясында сатылатын сауда нүктелері орналасқан мекен-жайлар жарияланды. 

Атап айтқанда:

Авангард - 2 мкр., №5 үйдің маңы - сиыр еті және тауық еті, Мясной гастроном №1 - М.Әуезов көшесі, №50 үй ауданы, А.Құнанбаев көшесі бойы, №28 үй ауданы, Нурсая мөлтек ауданы, №12 үй ауданы, «Халил Уста» - М.Өтемісұлы 107, Привокзальный - 5 мкр, Супермаркеттер «Ярмарка Retail» - М.Әуезов 25, Тәуміш Жұмағалиева, 10-й блок 11, Рысбай Ғабдиева 34 а. 

Барлық көрсетілген орындарда өнімдер айналым қаражаты арқылы төмендетілген бағамен сатылады және бұл сауда нүктелеріне қала әкімдігі тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Амандық АБДОЛ