Атырауда мемлекет қаржысын миллиардтап шашқан...

Ағымдағы жылдың 14 сәуірде Тексеру комиссиясында аудиттің кезекті отырысында жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірде Тексеру комиссиясында аудиттің кезекті отырысында жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды.

Аудитпен 1,8 млрд теңге бюджет қаражатымен 3 негізгі объекті, 1 үстеме объекті қамтылды.

Аудиттің қорытындысымен өңірдегі жылумен жабдықтау саласында және тартылған қаржының мақсатына сай пайдаланылуда жергілікті атқарушы органдардың тарапынан жұмыстарды ұйымдастырудағы белгілі бір кемшіліктердің бар екенін көрсетті.

Қалалық құрылыс бөлімі жоспарлау жүйесін тиісті деңгейде үйлестіре алмауынан «Атырау қаласы Талғайран ауылы маңындағы тұрғын-үй кешені үшін сыртқы  инженерлік желілерінің құрылысы (сыртқы жылу жүйелері)» нысаны бойынша осыдан жыл жарым бұрын пайдалануға берілгенімен, оны іске асыру үшін жылу қазандығы әлі күнге дейін орнатылмағандықтан, өз кезгінде 705,9 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған. Қалалық ЖКХ бөлімі 2022 жылы өзінің есебінде жоқ иесіз объектілерді жөндеу жұмыстарына бюджеттен 92,2 мың теңге мердігерге төлеген және 332,5 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлап пайдаланылуға жол беріп отыр. Бүгінгі күнге дейін иесіз жатқан 32,8 шақырым жылу және ыссы су жүйелері бөлімнің есебіне толық алынбаған. Осы бөлімге қарасты Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету Серкітестігіне үстеме тексеру жүргізу кезінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталды. Серіктестік құрылғаннан бері ешқандай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылмай бас тартқан.

Нәтижесінде – 3,6 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 2,4 млрд теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты – 1,0 млрд теңге, тиімсіз пайланған бюджет қаражатының көлемі – 92,2 млн теңгені құрап отыр. рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны – 36 бірлік және жүйелі кемшіліктер саны – 4 бірлік.

Жұмыстармен есепке алумен қалпына келтіруге жататыны – 2,4 млрд теңге. Аудит барысында – 705,9 млн теңге есепке алынып қалпына келтірілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 3 факті бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Отырыс қорытындысымен, аудит объектілеріне ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ