Атырауда кәсіпкерлік грант алушылардың жәрмеңкесі өтпек

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант және жеңілдетілген несие алған кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Көрмеге қала және аудандардан 50-ден астам жас кәсіпкер қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- Мемлекеттік гранттар көп балалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (аз қамтылған отбасылары), мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды асыраушыларға және асыраушысынан айырылғандар мен қандас санатына жататын адамдарға берілді. Олар кәсіп бастап, жұмыссыз жүрген азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құрды, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілқасымов.

Айта кетейік, көрме-жәрмеңке 20 қыркүйек күні сағат 10.00-14.00 аралығында Нұрсая ықшамауданы, Әбілхайыр хан даңғылы №79 - Көрме орталығында өтеді.