Азаматтар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (ӘКК) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Berekebank» АҚ-ның өкілдері мен әкімдіктің жауапты мамандарынан қажетті кеңес алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- Президентіміз жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын алға тартты. Біздің мақсат - кәсіп иелерінің жұмысын ілгерілету, оны дамыту, түйткіл мәселелеріне жауап беру. Сол себепті, «ашық есік күнін» тоқсан сайын өткіземіз. Нәтижесінде әкімдік пен бизнес иелері арасындағы қарым-қатынас нығайып, барлық жағынан тиімділік артып келеді, - деді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Мәлік Қариев.
Анықтама үшін айтайық, қазір облыста тіркелген шағын орта бизнес субьектісінің саны 69 мыңға жуықтайды. Жұмыспен қамтылғандар саны 142 мыңнан асады. Бүгінде өндірілген өнім көлемі 1 046,2 млрд. теңгеге жетті.